Димаш Құдайберген Исландияда қалай клип түсіріп жатыр?

Димаш Құдайберген Исландияда қалай клип түсіріп жатыр?
Фото: tengrinews.kz

Әнші Димаш Құдайберген Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын ел назарына ұсынды.

- Исландиядағы видеоның кадрлары. Команданың барлық мүшесі су болды. Бірақ бұл оған тұрарлық. Режиссер Алан Бадоевқа кәсіпқойлығы үшін алғысымды айтқым келеді. Ол өзгелер секілді қатардағы видео емес, нағыз суретші ретінде түсіреді. Әлем үздіктерінің бірі саналады, - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)17 Авг 2019 в 9:51 PDT

Видеодан Димаш Құдайбергеннің сарқыраманың жанында бейнебаянға түсіп жатқанын көруге болады. Клип режиссері Алан Бадоев – украиналық маман. Продюсер әрі клипмейкер.

Жақында Димаш Құдайберген сериалға саундтрек болған Couldn't Leave атты жаңа әні туралы мәліметпен бөлісті.  Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне арналған бейнебаян әншінің Instagram әлеуметтік парақшасында жарияланды. Бейнебаян туралы ол: "Қытай сериалына менің саундтрегім түсірілді. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін", - дейді. Жанкүйерлер жаңа бейнебаянды ыстық ықыласпен қарсы алды.

А. Рысдәулет