Димаштың қазақша әнін индонезиялық қыз орындады

Димаштың қазақша әнін индонезиялық қыз орындады
Фото: ztb.kz

Әлем әншісі Димаш Құдайбергенннің «Ұмытылмас күн» атты әнін индонезиялық қыз қазақ тілінде шырқады. Бұл жаңалықты Димаш Құдайберген өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)26 Июл 2019 в 10:34 PDT

«Индонезиялық өте талантты жанкүйерiмнiң орындауын қабыл алыңыздар. Әдемі, нәзік, тамаша орындау. Браво!», - деп жазды Димаш Құдайберген.

«Ұмытылмас күн» әнінің авторы – Димаш Құдайбергеннің өзі. Сөзін жазған – Орал Байсеңгір.

Димаш бұған дейін өзіне айнытпай пародия жасаған тағы бір қыздың өнеріне тәнті болған еді. Ол Моңғолияның «Яг туун шиг» телешоуында өнер көрсеткен Б.Халиун. Ол Қытайда өткен «I am a singer» жобасында Димаш шырқаған «S.O.S d'un terrien en détresse» атты француз әнін орындады.

Димаш Құдайберген алдағы тамыз айында Сочиде Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың ұйымдастыруымен өтетін «Новая волна» фестивалінде, күзде Нью-Йорк, Мәскеу, Минск, Дюссельдорф қалаларында өтетін оның мерейтойлық концерттерінде өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Димаш Санкт-Петербург және АҚШ-тың Нью-Йорк қалаларында жеке концертін өткізбек.

А. Қажиев