Димаш Құдайберген Джеки Чанды өнерімен тағы бір таңдандырды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген кино әлеміндегі танымал тұлға Джеки Чан ұйымдастырған фестивальдің ашылу салтанатында ән шырқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қытайдың Датун қаласында басталған экшн фильмдер фестивалі бір аптаға созылады. Салтанатты шараның ашылуы кезінде Димаш үш ән айтты: The Crown, Screaming және Unforgettable Day. Соңғы композицияны танымал тайвандық әнші Терри Линмен дуэт болып орындады.


Сахнада ән шырқаған сәт Димаш өзінің Instagram парақшасында да жариялады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)21 Июл 2019 в 4:54 PDT

Осыған дейін Димаштың дайындық кезінде ән шырқаған сәті түсірілген видео тараған еді. Дәл сол видеода Джеки Чан қазақстандық әншінің өнеріне тәнті болып, өнерге деген құрметін айрықша танытады.


- Оның қарапайымдылығы мен ашық көңілі баршаға аян. Ол менің бала кезден бергі сүйікті актерім. Әр кездескен сайын ол маған өнерде ақ жол тілеп, батасын береді. Маған деген ерекше құрметіңіз үшін рақметімді айтамын, - деген болатын Димаш осыған дейінгі бір сөзінде.