Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / BTS тобының әндері бойынша нұсқаулық

BTS тобының әндері бойынша нұсқаулық

BTS тобының әндері бойынша нұсқаулық

Америка және Еуропа елдерін бағындырып жүрген шығыс Азиялық топтың кенеттен атақты болып, 90 000 адамдық залды лық толтырып концерт ұйымдастырғандарына АҚШ-тың БАҚ өкілдері әр түрлі болжам айтуда. Бірі олардың жетістіктерін әні мен бейнебаяндарының сапалы болуымен байланыстырса, енді бірі тек жасөспірімдер тыңдайтын әндер деп баға беруде. Дегенмен, осы жылғы әлемдік туры олардың тыңдаушылары тек жасөспірімдер ғана емес, ересектер мен қарттардан да тұратынын дәлелдеді.

Бұл шудың қаншалықты дұрыс не бұрысын анықтау мүмкін емес. Дегенмен, олардың әндерінің ішінде музыкалық кеңістіктерін суреттейтін үздік 18 әнін ұсынамыз. Оларды хронологиялық реттілікпен орналастырдық. Әр ән бір оқиғаны(немесе әншілердің сезімдері мен сол сәттегі ойларын) баяндайды.

1. "Tomorrow"
Әнжинақ: Skool Luv Affair (2014)

"Ертең"деп аударылатын ән — BTS шығармашылығында бағаланбастан қалған туындыларының бірі. Романтизм мен трагедия арасында ерекше байланыс орната отырып, желісі бойынша торыққан әлемнен үміт іздеген жас әншілердің ішкі сезімін бейнелейтін әнді олардың шығармашылығына бастаған жолдың басы деп есептейміз.

2."BTS Cypher, Pt. 3: Killer"(feat. Supreme Boi)
Әнжинақ: Dark & ​​Wild (2014)

BTS басынан хип–хоп жанрына бағытталған топ ретінде танылады. Cypher бірнеше бөлімді әндер топтамасы олардың өздерін жырға жыққан, ылғи мысқылдап не масқаралаудан таймаған "тәжірибелі" рэп орындаушыларына арналған жауабы болатын.

3."I Need U"
Әнжинақ: 
The Most Beautiful Moment in Life, Pt. 1 (2015)

Бұл — BTS тыңдармандарының жүрегін жаулаған алғашқы әндердің бірі. Романтикалық аккордтар әннің қайырмасында кездеседі. Ал, рэп әнге салқын қандылық пен трагедияға толы атмосфера сыйлайды. Тыңдаушылары әнді ырғақтылығына қарамастан, нәзіктікке толы деген баға берген болатын.

4."Butterfly (Prologue Mix)"
Әнжинақ:
 The Most Beautiful Moment in Life, Pt. 2(2015)

"Көбелек" "Өмірдің ең ғажайып сәттері" атты әнжинағының басты әндерінің бірі ретінде ұсынылды. Ән өзінің терең мәнді мәтіні арқылы ерекше көзге түскен болатын.  "Жақындасам, ұшып жоғалармысың?" (손 대면 날아갈까 부서질까) дей отырып, жауапсыз махаббатты көбелекке теңеген олардың әндері лирикалық ең әсем ән деп бағаланған еді.

5."House of Cards"
Әнжинақ:
The Most Beautiful Moment in Life, Pt. 2 (2015)

"Өмірдің ең ғажайып сәттері" әнжинағында тыңдарманын бақытқа бөлеген әндердің бірі "Карталы үй" деп аталады. Джаз аккордтарын BTS әндерінін жиі естуге болады. Бұл жолы олар әнге "театр эффектісін" сыйлап, оркестр дыбыстарын қолдана отырып, әнге өзгеше реңк береді. 

6."Burning Up: Fire"
Әнжинақ:
 The Most Beautiful Moment in Life: Young Forever(2016)

Лирикалық әндерден соң, қуатқа толы, еріксіз билете жөнелетін әндерді тыңдау ешқашан артық етпейді. Бұл әннің бейнебаяны бірнеше миллиондаған көрермен жинап, қойылған би ең қиын хореографиялар қатарына қосылды. Одан бөлек, бұл ән оларға KCON 2016 сыйын алып келді.

7."Save Me"
Әнжинақ: The Most Beautiful Moment in Life: Young Forever (2016)

BTS әндерінде жанр мен ырғағына қарамастан, сезімталдықтың лебі байқалады. Бұл әнде де топ өзінің тыңдаушысынан "Маған өз қолыңды ұсын" деп сұрайды. Бұл уақыттары топта шығармашылық дағдарыс орын алып, "тарау" туралы қауісеттер тарай бастаған еді.

8."Epilogue: Young Forever"
Әнжинақ: The Most Beautiful Moment in Life: Young Forever (2016)

Әлемдің тур кезінде басында топтың фандомы (АРМИ) мен жетекші компаниясы (BigHit) жігіттерге ерекше сый ұсынды. Топтың Ұлыбритания, Уэмбли алаңындағы концертінде кенеттен үлкен экраннан "Арми, әндет" (Army, sing) деп әннің караоке нұсқасы шықты. Әрине, халыққа лық толы зал әндеткенде жігіттер көздеріне жас алмай қоймады. Ал, әнге келер болсақ, бұл жерде талқыналантын "жас" деу арқылы тек саннан құралған адамның жасын емес, арманы бар кез келген адамды сөз етеді. Бұл RM–ның продюсер ретінде алғашқы жұмысы болатын.

9."The Last"
Әнжинақ: Agust D (2016)

BTS музыкасымен жақсы таныс адамдар үшін де, Suga–ның жеке микстейпі таңқаларлық жаңалық болды. Бұл жолы ол Agust D ретінде сахнада өнер көрсетті. Әнде ол қол жеткізгісі келген жетістікті оның жастығын ұрлаған құбыжыққа теңейді және оның ашкөз екенін айтады. Одан бөлек, бір кездері ол қалаған нәрсенің барлығы шындыққа айналғаны сөз етіледі.  

10. "Blood Sweat Tears"
Әнжинақ: Wings (2016)

Бұл туындылары топ мансабында маңызды рөл ойнайды: дәл осы ән олардың хип–хоптан поп бағытына ауысқандарын бейнелейді. Одан бөлек, бұл ән оларды АҚШ–қа алып келді әрі олардың әлемнің ең үздік поп орындаушылары атануына себепші болды.

11."Lost"
Әнжинақ: Wings (2016)

BigHit өндірушілері минимализмді дұрыс көреді. Бұл ән быр ырғақты бола тұра, топ әншілерінің вокалы қаншалықты күшті екенін көрсетеді.

12."Spring Day"
Әнжинақ: You Never Walk Alone (2017)

Әннің әрбір бөлігі сағыныш сезімін тудырады. Ал, музыкалық бейнебаян Севол салының (паром) апатынан қаза тапқан 300–ге жуық жоғары сынып оқушыларына арналды.

13."Mic Drop"
Әнжинақ: Love Yourself: Her (2017)

Әндері сұранысқа ие бола салысымен, топ өзінің бастапқы бағытын естен шығармай, хип–хоп жанрына Love Yourself: Her әнжинағаны арқылы қайта оралды. Бұл әндері әлі күнге дейін АҚШ мемлекетіндегі сұранысқа ие әрі жиі ізделетін әндердің қатарында.

14. "Fake Love"
Әнжинақ: Love Yourself: Tear (2018)

2018 жылы K-Pop музыка бағытындағы ең үлкен жетістіктердің біріне қол жеткізді. Олар Billboard Hot 100 музыкалық чартында 10–орынға іліккен алғашқы топ ретінде K-Pop тарихына енген еді. "Жалған махаббат" әнінің негізгі идеясы — барлық нәрсе адам баласының өз–өзіне деген махабаттынан бастау алатындығы және өзін сүйе алмайтын адамның махаббаты шынайы болматындығын көрсету.

15. "Magic Shop"
Әнжинақ: Love Yourself: Tear (2018)

Бұл әнжинақтағы ең үздік әндерінің бірі. Өйткені, бұл әнде оларды биікке көтерген фанаттарына арнайды. "Сен маған барыңды сыйладың, ендеше өзіңнен де аяма" (You gave me the best of me, So you’ll give you the best of you) дей отырып, олар тыңдармандарын өздерін сүюге шақырады.

16."IDOL"
Әнжинақ: Love Yourself: Answer (2018)

Әнде кәріс халықының ұлттық музыкалық аспаптарын қолдана отырып, оларға жаңашылдық сыйлайды. Олар бұл арқылы өздерінің шыққан тектерін көрсетеді. Ал, Никки Минаждың топпен бірге ән салуы оларды АҚШ–та мойындағанын дәлелдейтіндей.

18. "Boy with Luv"  (feat. Halsey)
Әнжинақ: Map of the soul: Persona (2018)

Биыл жарыққа шыққан жаңа альбомдарында олармен бірге әнші Холзи өнер көрсетеді. Бұл әндерінде олардың алғашқы туындыларына "Boy in Luv" (Ғашық жігіт) сілтеме бере отырып, бес жылдан астам уақыт ішінде қалай есейгендерін көрсетеді.

18. "Microkosmos" 
Әнжинақ: Map of the soul: Persona (2018)

어떤 빛은 야망 (Eotteon bich-eun yamang)
어떤 빛은 방황 (Eotteon bich-eun banghwang)
사람들의 불빛들 (Salamdeul-ui bulbichdeul)
모두 소중한 하나 (Modu sojunghan hana)

"Кей ұшқын тұтанатын сәт туады, кей ұшқын сол күйі жоғалады. Жалындаған адамдар… Олардың құны қалай бағаланады?" Бұл әнді де олар өздерінің тыңдармандарына арнайды. Барлық адамның жеке әлем екенінін, бәрінің де жұлдыздай жарқырауға, оттай жануға мүмкіндігі бар екендігін алға тартады. Әндете отырып, оларды қолдауын және олардың жалындарын сөндіріп алмауды сұрайды.

Бұл —  BTS тобының үздік әндерінің топтамасы. Егер сіз Қазақстандық ARMY болсаңыз, өзіңіздің ең сүйікті әніңізді пікірге қалдырыңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: BTS official facebook page
Қосылған күні: 10 маусым, 14:32
Тегтер: BTS, ARMY, фанат, әлем, музыка,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.