"Тым оғаш іс" сериалының үздік саундтректері

"Тым оғаш іс" сериалының үздік саундтректері
Фото: vibes.bg

"Тым оғаш іс" (Очень странные дела) ғылыми фантастикалық сериалының 3-маусымы 4 шілдеде жарыққа шығады. Оқиға 80-жылдарда орын алады. Көрерменге сол уақыттың көңіл күйін жеткізу үшін фильмді жасаушылар музыкаға аса мән берген. Сол уақыттарға қайта оралу үшін алғашқы екі маусымның үздік саундтректерін назарларыңызға ұсынамыз.   

Алғашқы маусымы көрермендердің жүрегін тек балалардан құрылған актерлік құраммен ғана емес, 80-жылдардың фильміне сілтеме беру арқылы әрі талғаммен таңдалған музыкалары арқылы есте қалды. Джонатан мен Уилл тыңдаған әуен көрермендер арасында The Clash тобына деген қызығушылықты оятты. Ал, «A Hazy Shade Of Winter» әнінің кавер нұсқасы Барбтың бақытсыз тағдырын керемет суреттейді. Оған қоса, Нэнси мен Стив сезімдерін Toto мен Foreigner әндері толық баяндайды.  

2-маусым да өзінің музыкасымен есте қалды: Билли Мэйфилд өз көлігінде Scorpions, Тед Ньюджент пен Queen әндерін тыңдаса, Джойс Байерс пен Боб Ньюби Долли Партонның хит әніне билейді.  

Т. Есқали