Әнші әрі композитор Ұшқын Жамалбек «Мұзбалақ» анимациялық фильмінің саундтрегін жазды

Әнші әрі композитор Ұшқын Жамалбек «Мұзбалақ» анимациялық фильмінің саундтрегін жазды
Фото: vk.com

Толықметрлі анимациялық «Мұзбалақ» фильмінің саундтрегінің әні мен сөзін жас талантты әнші - Ұшқын Жамалбек жазған. Және автор әнді өзі орындап шыққан. Сонымен қатар, әннің музыкалық әрлеуіне этно-фольклорлы «Қазсақ» тобы да қатысқан.

"Мен мультфильмді көріп, керемет әсер алдым. Фильм біздің салтымыз және қыран құсын қолға қалай үйреткеніміз туралы баяндайды. Фильмге арнап төрт ән жаздым. Соның біреуіне клип түсіреміз дегенде қатты қуандым", - деді Ұшқын Жамалбек.

Музыкалық клип Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Видео-клиптің режиссерлері картинаның авторлары – Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы. Ал операторы – Айдын Мақсат.

Естеріңізге сала кетейік, «Мұзбалақ» мультфильмі отандық прокатқа 2018 жылдың 18 қазанынан бастап шығады. Адам мен бүркіттің достығы туралы баяндайтын картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған.

А. Оралқызы