Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Орда" тобының концерті өтті

"Орда" тобының концерті өтті

Кеше, Алматының бас сахнасы Республика Сарайында танымал қазақ бойз-бенд "Орда" тобының жеке концерті өтті. Жанды дауыс, заманауи билер, жарықтандыру мен дауыс сапасы көрермендердің көңілінен шықпай қоймады.

Басталуы жарты сағатқа кешіккен концертті Орда тобының фанаттары сабырлықпен күтіп отырды. Бұл 12 жыл өнер көрсетіп жүрген жігіттердің тек екінші жеке концерті екенін есепке алсақ, концертке топтың өнерін сүйіп тыңдайтын нағыз жанкүйерлер жиналғаны көрінді. 

Сонау 2000 жылы құрылған топтың өнерлік жолы ерекше болды. Артық қаражат, пиарды қажет етпестен олар қарапайым халықтың жүрегінен ерекше орын алды. Қазақ жерінде танымалдылыққа ие болып, Ресей, Лондонда ән жазу студияларында жұмыс жасап, өнерлерін көрсетіп үлгерді.

Ал кеше Ордалықтар Республика Сарайындағы шоу-концертте бәрін таң қалдырды.

Концертке ертерек келгендер осындай "сахнадан тыс" сәттерді бақылай алды. Есболаттың сары шашы мен біртүрлі бояуы өзіне жарасып-ақ тұр.

Концерт жақында шыққан "Ғашықсың ба" әнімен ашылды. 

Би қойылымдары әдеттегідей ерекше, заманауи болды.

Есболат шашының жаңа түсін "сары қазақпын" деп түсіндірді. 

Концерттің кешігуінің себебі - Ерболаттың қан қысымы түсіп, ауырып қалуы. Топ мүшелері концертті кейінге ауыстырамыз деп те шешкен еді, алайда Ерболат бар күшін жинап, әдеттегідей мінсіз өнерін көрсетті. 

Бұрыннан таныс "Белгісіз жан", "Кеш мені", "Қағаз кеме", "Тағдыр" өлеңдерін залдың бәрі қосылып айтты.

Топ мүшелері жеке өнерлерін де көрсетті.

Бала кезде кімдердің өнері шабыттанғандарын да айтуды ұмытпады.

Топтың барлық мүшелері жиналған сәт.

Концерт әзілге, шоуға, сапалы музыкаға толы 2 сағаттық жан рахаты болды. Топ мүшесі Есболат Беделхан Массагет тілшісіне : "Концерт күтпеген, кенеттен келген ауырлықтарға толы, бар күшімізді салған шара болды", - деп өз әсерін білдіріп өтті.

Ал сіз концерттен қандай әсер алдыңыз?

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

3109 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 31 қазан 2012, 16:11
Пікірлер
+0
31 қазан 2012, 15:08

Топ жақсы, бірақ концерт орташа деңгейде өтті. Және тез бітіп қалды. :)

+0
31 қазан 2012, 15:13

Маған әбден ұнады, концертке дайындық көрініп тұрды. Ерболаттың сырқауы да білінді. Алайда соның бәріне қарамастан, керемет деңгейдегі концерт өткізді. Ерболат, ауырмааа!!!

+0
31 қазан 2012, 15:46

Шоколайфпен билет ала алмай қалдым, өкінішті (((

+0
31 қазан 2012, 16:48

ал біз содан алдық

+0
01 қараша 2012, 11:58

үлкен жігіттердің билегені жараспайтын сияқты (

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...