Дауысы ғарышта сақталған әншіге ескерткіш орнатылды

Дауысы ғарышта сақталған әншіге ескерткіш орнатылды
Фото: vk.com

Шексіздік – шекара емес

Илон Маск SpaceX шығарған Falcon Heavy зымыранын ұшырғаннан кейін британиялық рок-музыкант Дэвид Боуидің тректерін тыңдаушылар саны күрт артты. Spotify аталатын музыкалық қызметте ән орындаушысының танымалдылығы Falcon Heavy ғарышқа аттанғаннан кейін бір сағат ішінде 42%-ға өскен. Көбіне оның Life on Mars сынды өзге ғаламшарлық әндерін тыңдаушылар саны артқан. Мысалы: аталған әуен тыңдалымы – 332%, Space Oddity – 188% және Starman 181% көрсеткішке қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, зымыранда Tesla Roadster көлігін Стармен аталатын (Боуидің атақты әнінің кейіпкерімен аттас) манекен игеріп отырды, динамиктерден Space Oddity әні шығып тұрды. Ал, машина ғарышта миллиардтаған жылдар бойы тұратыны жақсы мәлім.

Енді осыдан екі жыл бұрын өмірден өткен белгілі музыкант Дэвид Боуиге Британияда ескерткіш орнатылады. Музыкант 1971 жылы Бакингемшир графствосындағы Эйлсбериде «Hunky Dory», 1972 жылы «The Rise and Fall of Ziggy Stardust and the Spiders from Mars» атты альбомдарын таныстырды. «Жер елшісі» ескерткішін жасауға £100 мың жұмсалған. Онда Боуи бірнеше сахналық образда бейнеленген. Солардың бірі – оның альтер эгосы саналатын Зигги Стардаст.

P.S. Дэвид Боуи: “Өлім – уақыт пен кеңістікті қабылдау шеңберінен тыс ұғым”,– дейді.

Менің көңілім, сенімім, қалауым –
Мендік өмір.
Өкініш жоқ.
Бірақ...
Менің қазіргі мекенім өзге,
Дегенмен, бұл әлі соңы емес.

А. Оралқызы