Даусы ғарышқа жеткен Дэвид Боуи

Даусы ғарышқа жеткен Дэвид Боуи
Фото: vk.com

Илон Маск SpaceX шығарған Falcon Heavy зымыранын ұшырғаннан кейін британдық рок-музыкант Дэвид Боуидің тректерін тыңдаушылар саны күрт артты. Spotify аталатын музыкалық қызметте ән орындаушысының танымалдылығы Falcon Heavy ғарышқа аттанғаннан кейін бір сағат ішінде 42%-ға өскен. Көбіне оның Life on Mars сынды өзге ғаламшарлық әндерін тыңдаушылар саны артқан. Мысалы: аталған әуен тыңдалымы (332 %), Space Oddity (188 %) мен Starman (181 %) көрсеткішке қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, зымыранда Tesla Roadster көлігін Стармен аталатын (Боуидің атақты әнінің кейіпкерімен аттас) манекен игеріп отырды, динамиктерден Space Oddity әні шығып тұрды. Ал, машина ғарышты миллиардтаған жылдар бойы тұратыны сізге жақсы мәлім.

Осыдан екі жыл бұрын белгілі музыкант Дэвид Боуи 69 жасқа толған туған күнінде Blackstar атты альбомының тұсаукесерін жасап, одан екі күн өткен соң көз жұмған болатын. Оның тыңдармандары соңғы альбомды музыканттың қоштасу сыйы деп қабылдады. Алайда, екі аптадан соң Боуидің тағы бір альбом жаздырып қойғаны туралы ақпарат тарады. Кейін анықталған мәліметтер бойынша, рокердің бір ғана емес, бірнеше альбомы дайын болып шықты, автор өсиет қағазында оларды жарыққа шығаруға рұқсат берген екен.

P.S. Дэвид Боуи: “Өлім – уақыт пен кеңістікті қабылдау шеңберінен тыс ұғым”,- дейді.

Менің көңілім, сенімім, қалауым –
Мендік өмір.
Өкініш жоқ.
Бірақ...
Менің қазіргі мекенім өзге,
Дегенмен, бұл әлі соңы емес.

А. Оралқызы