Дәл қазір әлем жұртшылығы қандай әндерді тыңдап отыр?

Дәл қазір әлем жұртшылығы қандай әндерді тыңдап отыр?
Фото: vk.com

Әлем хип-хоп пен Латын Америкалық сарындағы әуендер мен Эд Ширан әндерінен өзгені тыңдамайтынға ұқсайды...

The Pudding лақап атымен танымал графикалық дизайнер әрі дата-маманы әлемнің әр елінде қандай ән тыңдалып жатқанын көрсететін интерактивті карта құрастырды. Ол үшін сарапшы 2017 жылдың желтоқсанынан бастап  YouTube пайдаланушыларының ең көп тыңдаған әуендерін анықтаған. Карта жасау барысында ол әлемнің 3000 қаласынан алынған ақпаратты пайдаланған. Сонымен, нәтижесі мынадай.

Канада мен көптеген еуропалық елдерде (Англия, Италия, Португалия, Аустрия, Польша, Швеция, Румыния) Эд Ширанның әндері жиі тыңдалады екен.

АҚШ-тың Батыс жағалауында Havana (Camila Cabello) аталатын Латын Америкалық стильдегі хит-ән қосулы болса, Шығыс жағалауда Gucci Gang (Lil Pump) танымал болып шықты.

Француздар Kalash-тың Mwaka Moon әуеніне елітсе, испандықтар Луи Фонси мен Деми Ловатоның Echame la culpa әнін тыңдайды екен.

Қазақстан Ерке Есмаханды тыңдайтын шығар, ә?

А. Оралқызы