Қазақстандық бүлдіршін "Голос країни" байқауында өнерімен елді өзіне қаратты

Қазақстандық бүлдіршін "Голос країни" байқауында өнерімен елді өзіне қаратты
Фото: hochu.ua

Қазақстандық Данэлия Тулешованың "Голос країни" байқауында барлық төрешілердің назарын аударды. Алғашқы 10 секундтың ішінде-ақ 10 жастағы отандасымыздың ерекше өнеріне тәнті болып, орындықтарын бері бұрды. 

Бұл "Голос. Дiти" байқауының 4 маусымы. Данэлия "Жабық тыңдалым" ("Слепых прослушивай") кезеңінде Дэми Ловатоның «Stone Cold» әнін орындап, бүкіл төрешілердің таңданысын туғызды. Өнер көрсетіп болған соң ол аз-кем ойланып, жетекшілер ішінен Монатикті таңдады.

"Бұл сирек кездесетін дауыс, бұл тек бірегей дауыс. Бұл бейне бүкіл әлемде қаралатын болады. Бұл жүз пайыз. Кімнің командасын таңдасаңыз да бәріміз үшін үлкен құрмет. Барлығымыз бақытты боламыз", - деп атап өтті қазылар алқасы. 

Отандасымыздың алғашқы көлемді жарысы бұл ғана емес. Ол бұған дейін 2015 жылы "Аялаған Астана" байқауын жеңді. Сонымен бірге еліміздегі "Бала даусы" байқауында "Көрермендер көзайымы" номинациясына ие болды.

Ж. Жұмағұлов