Кореялық қос битбоксшы Despacito әнін түпнұсқасынан асырып орындады

Кореялық қос битбоксшы Despacito әнін түпнұсқасынан асырып орындады
Фото: YouTube

Кореялық Hiss және Bigman есімді битбоксшылар бүгінгі таңда әлемге вирустай кеңінен таралған әйгілі Despacito әнін  орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Желі қолданушыларының айтуынша, олар әнді түпнұсқасынан да асырып орындаған. 

Кәрістер жаздың хит әнін жоғары деңгейде орындап, ғаламторға жүктегенде олардың видеосы көп уақыт өтпей кең таралып кеткен. Төркіні испан тілі болған әннің орындаушылары – Luis Fonsi мен Daddy Yanke. Қос битбоксшының орындауы уақыт өткен сайын көп лайк жинауда. 

Bigman – Азиядағы ең танымал битбоксшылардың бірі. Ол 2017 жылы битбокстан әлем чемпионы атанды. 

Айта кетейік, бұдан бөлек жапондық жігіт 2017 жылдың басты хиті Despacito әуенін екі калькуляторда ойнап берді. Видео 4 сағат ішінде 400 000 көрілім жинады.

Ж. Жұмағұлов