Классикалық музыка – дертке дауа

Классикалық музыка – дертке дауа
Фото: pinterest.com

«Мен музыка тыңдаған кезде қорқынышты сезбеймін, мені өзімнің ішімнен алып шығу қиынға соғады, мен ол кезде жауымды көрмеймін. Мен өзімнің болашағымды және өткенімді көремін»

Генри Торо күнделігінен. 1857 жылы жазылған

Музыка – адам жанының емі. Мұны рухани тұрғыда ғана айтып сізге кеңес бермейміз, сонымен қатар ғалымдар да дәлелдеген.  Соның ішінде классикалық музыкалар нағыз дәрі. Егер басыңыз ауырса, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз дәрі ішудің қажеті жоқ. Классика тыңдаңыз.

Классикалық музыканың патшасы – Моцарт.  Сіздерге Моцарттың симфонияларының адамға қалай әсер ететіні туралы ақпарат береміз.

Моцарттың шығармаларын сынақ тапсырар алдында, шығармашылық шабыт талап еткен кезде, жауабы жоқ шешімдерді ойлаған кезде тыңдаңыз. Көмектеседі.

Моцарттың классикалық ноталары адам ағзасында өте жоғары деңгейдегі энергияны бөледі. Мидың жұмысын жақсартып, тоқтаусыз ойлауға алып келеді.

До мажор сонатасы туралы:

Дәл осы бағыттағы, нотадағы Моцарттың музыкасы студенттер мен сынақ тапсырушылар үшін таптырмас көмекші құрал. Себебі ол миды тыныштандырып қана қоймайды, сонымен қатар серпіліс береді.

Ре- мажор сонатасы:

Қазіргі емі жоқ аурудың бірі эпилепсияны емдеуге көмектеседі. Негізгі көмек аурудың ұстамасы ұстаған жағдайда адамға тыныштық береді.

Бас ауырған кезде тыңдаңыз:

«Spring Song» Мендельсон

«Humoreske» Дворжака

«Hungarian Rhapsody» Листа

«Fidelio» Бетховен

«Ave Maria» Шуберт

Ұйықтар алдында тыңдаңыз:

«Peer Gynt» Сюита Грига

«Melodic» Глюка

«Dreams» Шуман

М. Ақан