Димаштың кеші дүркіреп өтті

Димаштың кеші дүркіреп өтті
Фото: tengrinews.kz

Өнерімен дараланып, ел-жұрттың мақтанышына айналған талантты әнші Димаш Құдайбергеннің EXPO-2017 аясында Астана қаласындағы 30 мың адамдық «Астана-Арена» стадионында «Бастау» атты жеке шығармашылық кеші өтті.

Жүргізушілердің айтуынша, бұндай кеш елімізде бірінші рет өтіп отыр. Стадион лық толы болды. Халықтың өз ұлына, отандастарына деген ықыласы ерекше. Кешті «Кешью» тобы, «Алау» тобы, Фарида Жолдасова, «Рензо» тобы, «VOX ACAPELLA» тобы, т.б. елімізге танымал жас жұлдыздар бастап, артынша ҚР спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз сөйледі. Ол Димашқа кештің сәтті, ойдағыдай өтуін тіледі.

6954

Бір айта кететіні, шетелден бірнеше тыңдарман арнайы келді. Әсіресе,қытайлық жанкүйерлердің қарасы көп болды. Кеш барысында Loreen, Элит-Бекстор Софи, Терри Лин сынды әлемге танымал әншілер өнер көрсетті.

Кештің негізгі иесі Димаш «Бастауды» «Туған ел» әнімен бастап,одан соң жақында ғана жазылған «Сәлем» әнімен қалың көрермендерді бір сергітіп тастады. Ал әнші «паспортына» айналған «Дайдидауды» шырқап біткенде бүкіл көрермен орнынан тұрып қол соқты.

вапр

Жанкүйерлер концертте сүйікті әншілерінің бишілік өнеріне тәнті болды. Ол Майкл Джексонның бірнеше әнін шырқап, тіпті атақты поп-жұлдыздың «ай мәнерін» орындады.

Көптен күткен концерт 4 сағатқа созылып, түн ортасында бітті.

Ж. Жұмағұлов