- Негізгі бет
- Музыка
- Ең ұлы гитарист...
Ең ұлы гитарист атындағы парк ашылды
Аты жер-жаһанға мәлім Time журналы 2009 жылы Джими Хендрикске “Ең ұлы гитарист” деген атақ берді. Музыка сыншыларының өзі Хендрикстің рок бағытының новаторы екенін мойындайды. Сондай-ақ, ол электронды гитара диапазонын кеңейткен музыкант.
Жақында сол Джими Хендрикстің туған қаласы Сиэтлде гитарист атындағы арнайы парк ашылды. Оны салу туралы жоба әлдеқашан 2006 жылы ұсынылған болатын, бірақ, тек биыл ғана жүзеге асырылып отыр.
Парктың әр түкпірінен Хендрикс мұрасын байқауға болады. Парк жолының өзі гитара сұлбасында жасалған. Сол жолдарда музыканттың Angel және Little Wing сынды барша әлем сүйіп тыңдайтын әндерінің сөздері жазылған. Парк ортасында ескеркіш орнатылған.Аталған қалаға жолыңыз түсе қалса, бұл парк бару керек басты мәдени нысанның бірі болсын.
А. Оралқызы