Өмірден өткен Чак Берридің жаңа альбомы шықты

Өмірден өткен Чак Берридің жаңа альбомы шықты
Фото: vk.com

Рок-н-ролл бағытының негізін қалаушылардың бірі, көктемде өмірден өткен Чак Берридің «Чак» аталатын жаңа альбомы шықты.

Бұл соңғы 38 жылдағы алғашқы студиялық күйтабақ болды. Оған Rage Against The Machine тобының гитарисі Том Морелло және әнші Натаниэл Рэйтлифпен бірге жазылған, сондай-ақ, өзге де көптеген композиция енді. 

Заманауи музыка әлемінде Чак есімі «жаңашылдық» сөзімен синоним ретінде естіледі. Ол 1950-жылдардың соңында рок-н-ролл бағытында негізгі саналатын жаңа гитаралық сарын ойлап тапты.

Естеріңізге сала кетейік, Чак Берри 2017 жылдың 18 наурызы күні 90 жасқа аяқ басқан шағында бақилық болды.

А. Оралқызы