Димаш The Ritz-Carlton қонақүйінің ашылуына қатысты

Димаш The Ritz-Carlton қонақүйінің ашылуына қатысты
Фото: vk.com

Сенбі күні бүгінгі таңда әлем әншісіне айналып үлгерген талантты әнші, отандасымыз Димаш еліміздің бас қаласы Астанада жаңадан салынған The Ritz-Carlton қонақүйінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Массагет тілшісі. Аталған қонақүйдің ашылуына еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келді. 

(әуесқой түсірілім)

Бұл жөнінде әнші өзінің инстаграм парақшасына: "Астанамыздың гүлденуі, сәулетті ғимараттардың бой көтеруі - Еліміздің көркем болуының көрінісі! Астана. Қазақстан" ,- деп жазған болатын. 

Салтанатты кешке арнайы Данияр Елеусінов, Денис Тен, Тәуекел Мүсілім, Санжар Мадиев сынды танымал өнер мен спорт саласының саңлақтары арнайы қонақта болды. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш 25 маусым күні Астана қаласында EXPO-2017 көрмесі аясында Астана-Арена стадионында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жеке шығармашылық концертін береді. Дәл қазіргі уақытта билеттердің жартысынан көбі сатылып кеткен. Әлеуметтік желілерге әншінің концертке дайындалып жатқан суреттері тарады.

Ж. Жұмағұлов