- Негізгі бет
- Музыка
- Димаш "Les...
Димаш "Les Annees Bonheur" бағдарламасында француз әнін шырқады
Әр сенбіні асыға күту көрермендердің тұрақты дағдысына айналғандай. Олай дейтін себебіміз, барша тыңдарман талантты әнші Димаш Құдайбергеннің әр өнер көрсетуін жібермей тамашалайтын.
"Singer" байқауы аяқталды екен деп көрермендер көңілін түсірмейді. Өйткені Димаш ендігі Еуропаға "жорығын" бастап та кетті. Осы сенбі күні Димаштың Франция елінде "Les Annees Bonheur" бағдарламасындағы өнер көрсетуін тамашалай аласыздар.
Біз кеше ғана бұл туралы хабарлаған едік. Отандасымыз бағдарлама барысында өзіне ерекше танымалдық әкелген "SOS d'un terrien en detresse" әнін орындады.
Видеодан франция халқы Димаштың орындауына аса таңғалып отырғанын байқауға болады. Әлемдік өнер жұлдыздары бір саxнада тоғысқан кештің толық нұсқасын сенбі күні көре аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш 14 мамырда Гуанчжоу қаласында музыкалық концертте өнер көрсетеді. Сонымен бірге әншінің туған күніне орай жанкүйерлер ерекше тосынсый жасауды жоспарлап отыр. 24 мамыр тұңғыш ресми әлемдік фан-кездесу Бейжің қаласында өтеді.
Ж. Жұмағұлов