Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Димаш «Singer» байқауының финалында қытайлық жұлдызбен ән айтады

Димаш «Singer» байқауының финалында қытайлық жұлдызбен ән айтады

Димаш «Singer» байқауының финалында қытайлық жұлдызбен ән айтады

Қытайдың «Singer 2017» әншілер бәсекесінің ақтық сынында Димаш Құдайберген Шаң Венжемен (尚雯婕) бірге ән шырқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш байқаудың жартылай финалында италиялық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әнін және «5-элементтегі» арияны қоса шырқап, ақтық бәсекеге сүрінбей жетті.

Қытайлық Sina weibo әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сенсек, байқаудың ақтық бәсекесіне жолдама алған 8 әнші қытай эстрадасының жұлдыздарымен жұп болып өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Шаң Венже 1982 жылы Шанхай қаласында туған. Шанхай Фудань университетін бітіргеннен кейін әншілік жолын бастаған. Француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 2006 жылы Хунан телеарнасының «Super Girl» ән байқауында бас жүлдені жеңіп алған, сондай-ақ, 2013 жылы «I am singer» байқауының алғашқы маусымында өнер көрсеткен. 2012 жылы Париж қаласында француз әндері музыкалық кешін өткізген. Димаш Құдайберген келісімшартқа отырған BGTalent (黑金经纪) продюсерлік компаниясының негізін қалаушы.

Еске сала кетейік, «Singer» байқауының жартылай финалы Хунан телеарнасынан 8 сәуір күні көрсетіледі. Байқаудың финалын 15 сәуір күні отандық Хабар арнасынан және Хунан телеарнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.

0
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 05 сәуір 2017, 16:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.