Жақын уақытта Димаш қатысатын бағдарламалар тізімі

Жақын уақытта Димаш қатысатын бағдарламалар тізімі

"I am singer" жобасы басталғаннан бері Қытайда және көптеген шет мемлекетке танымал болып үлгерген отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың жақын күндері қатысатын бағдарламалар тізімі шықты, деп хабарлайды Массагет тілшісі. 

Сонымен, Димаш қатысатын бағдарламалар тізімі:

1. FansFans бағдарламасының түсірілімі. Пекин, 2-сәуір.

2. Саундтректің премьерасы, сондай-ақ "The Battle of Memories" атты қытай фильмінің көрсетілімі. Пекин, 6-сәуір.

3.  INMusic концерті. Чунцин, 8-сәуір.

4. Жыл сайын өтетін он жетінші  "Top Chinese Music Annual Festival" музыкалық фестивалі. Шеньжен, 9-сәуір.

5. "Сұрапыл рейнджерлер" фильміне GoGoPowerRangers саундтрегінің көрсетілімі. Пекин, 12-сәуір.

6. "I am a Singer" ән байқауының финалдық эфирінде Beauty Secret жарнама видеосы көрсетіледі. Чанша, 15-сәуір.

7.  Hunan TV арнасындағы "Менімен бірге шырқа" бағдарламасы (Come Sing With Me). Чанша, 19-сәуір.

8. "Yue Gu Hua Lu Music Carnival" музыкалық карнавалы. Пекин, 28-30 мамыр.

Сондай-ақ ол 31 наурыз күні Қытайдың "China International Fashion Week" сән апталығына қатысып, "Мұңлы күз" және "SOS d'un terrien en détresse" әндерін орындады.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш "I а am singer" жобасының жартылай финалында Адриано Челентаноның "Confessa" әнін орындайды. Ол жоғары ұпай жинап, финалға жолдама алғандықтан 11-кезеңге қатыспай, тек қонақ ретінде барды. 12-кезең 8 сәуір күні көрсетіледі. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?