Димаш

Димаш "Азияның ең танымал әншісі" номинациясына ұсынылды

"I am singer" ән байқауының финалисі, отандасымыз Димаш Құдайбергенов Best Asia popular singer ("Азияның Ең танымал әншісі") номинациясына ұсынылды. Бұл жайында әншінің PR-менеджері әрі жан досы Алпамыс Шаримов хабарлады.

Ол өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасына: "Достар! Тағы да тақым қысатын сәт келді. Ертең Тікелей эфир 19:30-да Dragon TV(东方卫视) арнасында Азияның ең үлкен масштабтағы марапаты China Top music Awards шарасы өтеді. Димашымыз @kudaibergenov.dimash Best Asia popular singer ("Азияның Ең танымал әншісі") номинациясына ұсынылғандардың қатарында. Алғаш қатысып отырған xалықаралық марапаттан үмітіміз зор!!! Осы кеште Азияның әншілерімен бірге қызыл кілемнен өтіп, өнер көрсететін болады. Бәрі де Сіздердің тілектеріңізбен! Ал, жақсылыққа жориық!!!", - деп жазды. 

Ал, Димаштың өзі бұл жайлы: "Шанхай, Dears, ертең 15:00 қызыл кілемде (red carpet)/ 19:30 Mercedes Bens Arena-да кездескенше!!! Азияның ең үлкен масштабтағы China Top music Awards марапатында әдемі көңіл-күй сыйлауға тырысамын!!! Жақсы көремін", - деп жазды. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш байқаудың 10-кезеңінде өзінің "Ұмытылмас күн" атты әнін қазақ және қытай тілдерінде шырқап, 3 орын алған еді. Жалпы есеп бойынша жоғары ұпай жинаған әнші бірден финалға өтті. Ал екі кезеңнен тұратын финал 8 және 15 сәуір күндері тікелей эфирден көрсетілмек.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы