Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Домбырада шебер ойнап үйренудің 6 жолы

Домбырада шебер ойнап үйренудің 6 жолы

Домбырада шебер ойнап үйренудің 6 жолы

Домбыра – бағзы замандардан бері келе жатқан қазақтың ұлттық музыкалық ішекті аспабы. Ғасырлар өтіп, заман ағымы ауысып, адамдардың өмір сүру салты, стилі өзгергенімен, домбыраның қазақ халқы үшін алатын орны өзгермейді. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бекер айтылмаса керек-ті. Басқаша айтқанда, «домбыра» мен «қазақ» егіз ұғым.

Аспапта ойнап үйрену үшін, ең алдымен, адамға ынта, жігер және талпыныс керек екені айтпаса да түсінікті. Жаныңыз қаламаса, оны сізге ешкім де күштеп үйрете алмайды. Екіншіден, бұл аспапта ойнап үйрену үшін арнайы мамандарға немесе домбыраны жетік білетін танысыңызға жүгінгеніңіз абзал. Домбыра – оңай игеріле салатын аспап емес. Оны үйренудің өзіндік әдісі, тәсілі бар. Тек бойында таланты, құлшынысы бар жандар ғана бұл аспапты өздігінен игере алады. Ол үшін:

1. Ең алдымен, аспапты дұрыс таңдай білу керек. Иә, бүгіндері домбыраны сатып алғысы келетін адам оны кез-келген базардан, музыкалық аспаптар дүкенінен таба алады. Алайда мамандар ұлттық аспапты арнайы шеберханадан сатып алуға кеңес береді. Домбыраны жасаушылар сізге дұрыс таңдау жасауға көмектесіп қана қоймай, аспапты тез игерудің жолдарына нұсқайды. Одан бөлек, шеберханадан сіз сапасы сын көтеретін нағыз домбыраны қолжетімді бағада ала аласыз. Ал делдалдардың тауардың үстінен ақша қосатынын өзіңіз де білесіз.

2. Домбыраңыз қолыңызда ма? Ендеше аспапты дұрыс ұстауды үйрену қажет. Ол үшін арқаңызды тік, иығыңызды еркін ұстап, оң аяғыңызды сол аяғыңыздың үстіне қойып, аспапты ыңғайластырып қойып алуыңыз қажет. Осындай отырыспен күніне кем дегенде 10-15 минут айнаның алдында отырып жаттыққан абзал дейді домбыра ұстаздары. Осылайша сіз отырысыңызға сырт көзбен қарап, кемшіліктеріңізді түзей аласыз.

3. Ендігі қадам – домбыра құлағын бұрап үйрену. Домбырада оң және сол бұрау түрі болады. Әндер мен күйлердің басым бөлігінде оң бұрау қолданылады. Оған қою үшін алдымен домбыраның үстінен санағанда бесінші пернесін тауып алуыңыз қажет. Бесінші ішектің нотасы астыңғы ашық ішектің нотасымен бірдей болуы шарт. Оны аспаптың құлағын бұрау арқылы іздеп, келтіресіз.

4. Келесі қадам – қақтығыстарды үйрену. Төмен қағыс бес саусағыңызды жинақтау арқылы, сұқ саусақтың тырнағымен, білектің салмағымен төмен қарай қағумен жүзеге асады. Жоғары қағыстың бұдан өзгешелігі – ішекті бас бармақтың көмегімен қағасыз. Қағыс түрлерін қолыңыз әбден жаттыққанша қайталаңыз.

5. Ендігі кезек – нота үйренуде. Нота білмесе де, Құдайдың бойына дарытқан дарынымен, ынтасымен домбыраның құлағында ойнап кеткен дәулескер күйшілер де баршылық. Мәселен, бұрынғы заманда домбыра үйірмесі де, оны үйрететін ұстаздар да болмаған. Десе де, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова салып кеткен сара жолмен кейіннен Кенен Әзірбаев, Жамбыл Жабаевтар жүріп өтті. Жамбыл Жабаевтың оқу оқымағаны тарихтан белгілі. Тек Жамбыл атамыз секілді дарынды болу бақыты екінің біріне бұйырмаған. Сол себепті өз күшіңізге сеніп, еңбектенгеніңіз абзал.

6. Қағыс және нота түрлерін білсеңіз, кез келген әнді домбыраға салып орындай аласыз. Ең бастысы, бастаған ісіңізді орта жолдан тастамаңыз. Талабыңыз ұштала берсін!

Дереккөз: stan.kz

136 0
Рейтинг: +0

Фото: BNews.kz
Қосылған күні: 19 наурыз, 19:33
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев