Димаш финалға өтті

Димаш финалға өтті
Фото: vk.com

Димаш Құдайберген "I am a singer" байқауының оныншы кезеңінде «Ұмытылмас күн» әнін қазақ, қытай тілдерінде орындап, 3-орын алған. Осылайша отандасымыз ән байқауының финалына өткен. Бұл туралы Димаштың қытайлық жанкүйерлері жазды. 

Димашпен бірге қытайлық әнші Лин Илиан және қытайлық «Арыстан» тобы ақтық кезеңге өткен.

Естеріңізге салайық, Димаш өнер көрсетіп жатқан доданың 9-кезеңі ертең, яғни 18 наурызда Қытай телеарнасынан көрсетіледі. Қазақстандықтар әдеттегідей интернет арқылы тамашалай алады. Ал 10-кезеңді 25 наурызда көретін боламыз. 

М. Оңғарова