Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Димаш бақ сынап жатқан "I am а singer" – жай жоба емес

Димаш бақ сынап жатқан "I am а singer" – жай жоба емес

Димаш бақ сынап жатқан

"I am singer" ән додасында бақ сынап жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың танымалдығы күн санап артуда. Бүгінгі таңда оның әр басқан қадамы тыңдармандар назарында болып отыр. Бұл сөзімізге Димашқа арналған инстаграм әлеуметтік желісіндегі бірнеше парақша дәлел бола алады. Атап айтсақ, @dear_new_fan_kz, @dimashofficialfanclub, @dimash_dears_, dimash_super_fan, kudaibergen.dimash.fan секілді инстапарақшаларды айтсақ болады. Бұл топтар оның әр қимылын жүктеп салып, барша тыңдармандарға жеткізуде. 

Соңғы уақытта Димаш жөнінде, жалпы бұл бағдарлама жөнінде әр түрлі алып-қашпа әңгіме көбейіп кетті. Талантты ұлдың жолына қаншама қазақ жұртшылығы үмітпен қарап отырғандығы мәлім. Осы төңірегінде әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов бүгін өзінің инстаграм парақшасына жазған болатын: 

"Осы аптаға арналған жарнама роликті жариялай отырып, #IAmSinger жобасы туралы кейбір ақпараттарды назарларыңызға ұсынып түсіндіргім келеді. 

1. Осы аптада 7 эфир көрсетілімге шығады. Димаш қазақ әні "Дайдидауды" шырқайды. Димашқа өзімен бірге оқитын Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студент достары көмектесетін болады. 

2. Ең алғашқы эфирден бері қарай 3 әнші ғана қалды. Димашпен бірге Сэнди Лэм және "Лион" тобы. 

3. Қалған әншілер одан кейін келіп қосылған әншілер. Бірақ, барлығынын жеңіске деген мүмкіндігі бірдей. Жобаның аты "Мен әншімін" деп аталады. Яғни, әнші болсаң, ортадан келіп қосылған әншілерге қарсы тұра білуін керек, сылтау іздемеу керек, әділетсіздікті көрмеу керек. Тағы да айтамын, бұл "Битва Титанов"! 

4. Бәз біреулер, бұл әшейін бір облыстық арнаның бағдарламасы. Белгісіз бір бағдарлама деп, әлі күнге дейін бөксіп жүр!.. Рейтинг ең төмені 28.8% алатын "The Singer" жобасы қытайдағы ең көп қаралатын жобалардың ең үздігі болып табылады. 

5. Кейбір сайттар үшінші орын алып қалған сәтте "таңқалдыра алмады", "жеңіліс тапты", "соңғы орын алды", "ұтылды" деп жарыса жазып жатыр! (әрине тақырыбы солай болса оқырманы көп болады деген мақсат қой, десек те...) Қателеспеңіз! Бұл байқау Сіздер көзге үйренген "Жас қанат" пен "Азия дауысы" немесе "Новая волна" мен "Евровидение" емес! Системасы мүлдем бөлек! Тағы да айтамын, танымал әншілердің жарысы болғандықтан, "Титандардың шайқасы" болғандықтан, "Сен тұр мен атайындардың" сайысы болғандықтан, 7 немесе 8 ғана қатысушы апта сайын (байқаудан тыс қалып және жаңа әншілер қосылып отырады) қатысқандықтан 1,2,3,4,5,6,7,8 орындар беріледі. Бұндағы 1-ші орын әрине жеңіс! 2,3,4,5,6-шы орындар жаман деген сөз емес, жобада қалды, жақсы орындар! 7, 8 орындар қауіпті орындар болып табылады! Сондықтан, 3,4,5,6-шы орындар алғанда Олимпиадада қола алғанмен бірдей көріп қуансаңыздар болады! Оның өзі үлкен жетістік Бұл жобада! Ең бастысы, әдемі өнер көрсету! 

6. Қазақстан көретін жобаның бір бөлігі ғана. Бұл тек ән байқауы емес. Реалити шоу. Әнші үнемі камера бақылауында. Естеріңізде болса, Қазақстанға да сол камералармен келгенбіз! 

7. Дайындыққа тек бір апта уақыт беріледі. Сондықтан, кейбір бейресми ақпараттарға сене бермеңіздер!"

Естеріңізге сала кетейік, байқауың 7-кезеңі ертең, яғни сенбі күні кешкі сағат 20:30-да Hunan TV арнасынан көре аласыздар. Димаш бұл кезеңде қазақтың "Дайдидау" әнін орындап, үштіктен көрінді.

0
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 03 наурыз 2017, 16:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.