Димаш 6-кезеңде үздік атанды

Димаш 6-кезеңде үздік атанды
Фото: vk.com

Қытайда өтіп жатқан "I am singer" ән байқауында өнерімен әлем назарын аударған отандасымыз Димаш Құдайбергенов 6-кезеңде француз әншісі Лара Фабианның репертуарынан "Адажио"әнін орындап, үздік атанды. Осыған дейінгі кезеңдерде оза шапқан Димаш бұл жолы да биіктен көріне білді. Тіпті, залда отырған көрермендердің біразы жылап жіберді. Дәл бүгін ол өзінің инстаграм парақшасына: 

"Бүгін 20:10 (Астана уақытымен); 22:10 (Бейжің уақытымен) Hunan Tv арнасында (сілтемесі мені профайлымда) Лара Фабианның Адажио әнін шырқаймын! Әр шырқалатын ән көрермен көңілінен шықса деймін! Бұл мен үшін маңызды! Сондықтан, бүгін #IAmSinger жобасының 6 байқау күнін өткізіп алмаңыздар! Шын жүрекпен: #DQ" – деп жазған еді.

Айта кетелік, Димаш 5-кезеңде Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін айтып, 5 орын алған еді. Келесі 7-кезең 4 наурыз күні өтеді.

Ж. Жұмағұлов