Димаш 4-кезеңде де үштіктен көрінді

Димаш 4-кезеңде де үштіктен көрінді
Фото: vk.com

Бүгін "I am singer" ән байқауының 4-кезеңі өз мәресіне жетті. Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан талантты жас әнші Димаш Құдайбергенов бұл жолы да үштіктен көрінді. Ол Гонконгтың танымал жұлдызы Джеки Чун Хок-Яудың "Күзгі мұң" әнін өте шебер орындады. Оның әнді жеткізгені соншалық, қытайлық көрермендер көзіне еріксіз жас алды. 

Димаштың орындауын көре отырыңыздар!

Естеріңізге сала кетейік, байқаудың 5-кезеңі келесі сенбі, яғни 18 ақпан күні өтеді. 

Ж. Жұмағұлов