Димаш тағы да жеңімпаз атанды

Димаш тағы да жеңімпаз атанды
Фото: ult.kz

Димаш Құдайбергенов Қытайдың Hunan TV арнасында өтіп жатқан "Мен әншімін" байқауының екінші кезеңінде ұйымдастырушылардың ұсынысымен "Опера-2" әнін орындады. Дауыс беру қорытындысы бойынша Димаш бұл жолы да 1 орыннан көрінді. 

Димаш өзінің инстаграмдағы парақшасына бұл әнді орыс әншісі Витастан 4 модуляциямен 2 тон жоғары орындайтынын жазған еді. Отандасымыз миллиардтаған көрермен көз тіккен ән додасының 2-кезеңінде де өз биігінде өнер көрсетті.

Аз ғана уақыттың ішінде Димашқа 35 000-ға жуық адам дауыс беріп үлгерген.

Димаштың өнерін көре отырыңыздар!

М. Оңғарова