Рэп жанрының тарихы

Рэп жанрының тарихы

Кез келген музыка жанрының өз тарихы бары рас. Рэп те – өнер, рэп те – музыка жанры. Ендеше, бүгін біз сіздерге рэп тарихы жөнінде мәлімет бермекпіз.

«Рэп» сөзі ағылшынша rap – "тарсыл", "дыбыс" деген сөздерді білдіреді. To rap  "айту" және "әңгімелеу" деген сөз.

Рэп сөзі «Rhythm and Poetry» (ырғақ және поэзия), Rhytmic African Poetry» (ырғақты африкалық поэзия) немесе «Radical American Poetry» (радикалдық америкалық поэзия) деген тіркестерден қысқартылып алынған. Бір кездері рэп ағылшын тілінде rapping, rapper деп біртүбірлі сөздерде қолданыла берген.

Рэп тарихы 70 жылдардан бастау алады. Алғашында ауызбен-ауыз айтылатын бұл өнер түрі жай ғана қарапайым шумақтардан ғана құралатын. Оны ең алғаш Бронкстегі ямайкалық диджейлер орындады. Құлағына сіңіріп алған негр ұлтындағы радио тыңдармандар осындай шумақтарды ести сала іліп әкетеді де, өз аудиторияларына аздаған өзгерістермен тарата бастайды. Алғашында стилін, содан соң шумақтарын өзгертіп, шамалары келгенше,  рэпті жандандыра түседі.

 

Тарихта алғаш рэп орныдаушысы деп Джек Гибсонды атай аламыз. Радиода жүргізуші болып қызмет атқарып жүрген ол рэп айта бастағаннан бастап, ел арасында Джек-Рэпер аталып кетті. Кейіннен бұл жанр көшеге шыға бастады. Осы үрдіс қазірдің өзінде қаз-қалпында сақталған.

80 жылдары бұл музыка жанрына сипаттама жасау үшін «хип-хоп» термині қолданылды. Сол арқылы рэптің өз тарихы мен мәдениеті де қалыптаса бастады.

Онымен қоса, R’n’B (ырғақ және блюз) жанрының осы рэптің әсерінде дүниеге келгені тағы бар.

90 жылдары рэп жанры үшін жұлдызды шақтар болады. Өйткені сол жылдары осы өнер түрі барша әлемге танылып, музыка саласында өзіндік статусқа ие бола бастады.

Әлемді жайлаған өнер түрі көбіне жас өнерсүйер жандарды қызықтырды. Әлемге аты жайылған рэп қазақ елін де айналып өте алмады. Біздің елімізге келгеніне көп болмаса да, қазақ жастарының сүйікті музыка түріне айналды. Құрамындағы өлең шумақтары аса күрделі емес рэп әндер халық арасында тез жатталды. Арамызда ырғақ пен ритмді сақтап, жыр шумақтарымен көңіл хошын келтіріп жүрген жастар аз емес. Қазақтың да мәдениетіне еніп үлгерген рэптің тарихы, міне, осы...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: newrockpromo.com, rd.kg, rap.ru

А. Әбілхан