Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Дирижердің символы

Дирижердің символы

Дирижердің символы

Дирижердің кейде таяқшасымен, кейде қолымен-ақ музыканттарды басқарып тұрғанын көрген шығарсыз. Қолмен басқаруға болса, оған таяқша не үшін керек дерсіз. Расымен біреуінің таяқша ұстап, енді біреуінің таяқшасыз қимылдайтыны несі екен?

Музыканы тыңдаса да, кәсіби әуеннен алыс адамдар дирижердің қимылдарына мән бере бермейді. Ал кейбір эстрада мен джазда жүргендер дирижер мамандығын керек қылмайды. Рок музыканттары дирижерсіз-ақ күн көреміз дейді. Дегенмен, барлық жанрдың өз дирижері бар. 

Өзімізді бір сәтке оркестрдың құрамында отырғандай сезінейік. Мәселен, дәл дирижердің алдында отырған қобызшысыз. Композиция басталды. Артыңызда барабан, жаныңызда домбыра, дәл құлақ түбінен сылдырмақ сылдырлады. Өзіңізді тыңдамақ түгілі, мына шуда композиция сәтті шығып жатыр ма, жоқ па, оны бағамдайтын шамаңыз жоқ. Осындай кезде дирижердің көмегі ауадай қажет болады.


Атақты дирижер Кент Нагано

"Дирижер" сөзі французшадан аударғанда "басқару, бағыт беру" деген мағынаны береді. Дирижердің бірнеше міндеті бар. Негізгі міндеті - екпін үстеп, мөлшерін нұсқау. Бұл оның оң қолындағы таяқшаның көмегімен жүзеге асады. Кейде екі қолмен де орындай береді. Ал сол қолының қимылымен кімнің қай кезде, қандай қарқында ойнайтынын көрсетеді. Орта ғасырларда сарай дирижерлері аса үлкен құрметке ие болған. 

Басында артымен тұруды мәдениетсіздік деп есептеген дирижерлер көрерменге бетін беріп тұрған. Бұл дәстүрді бірінші рет Рихард Вагнер бұзды. Ол өзінің замандастары Мендельсон, Лист, Берлиоздармен бірге қазіргі түсініктегі дирижер келбетін қалыптастырды. 


Әйгілі жас дирижер Алан Бөрібаев

Бүгінде дирижерлердің көбі сахнаға таяқшасыз шығатын болып жүр. Таяқша шын мәнінде дирижердің символы іспеттес. Тарихтан белгілі бұрынғы кезде патшалар қолына таяқ ұстап жүрген. Бұл биліктің, үстемдіктің белгісі саналған. Дирижер қолындағы таяқша да солай.  

Эстраданың әншілері болсын, басқа жанрдың әншілері болсын, дирижерді қажет етпейді десеңіз, қателесесіз. Олардың да дирижерлері бар. Ол - әуенді көркемдеп қана қоймай, музыканы өзіне ілестіретін түрлі музыкалық аспаптар дауысы. 

Дирижердің қимылы сырт көзге оңай көрінгенімен, шын мәнінде дирижер болу үшін іштен дирижер болып туу керек. Дирижерлердің қажырлы еңбегі мен төккен терінің арқасында ғана көрермен әсем әуеннен нәр алып, нағыз музыканың құдіретін сезінбек. Ал біз сөз еткен таяқшаның бұл тұрғыда қосар үлесі зор.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: russianspain.com, belcanto.ru

5823 0
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 29 тамыз 2012, 10:25
Пікірлер
+0
29 тамыз 2012, 12:03

"Дирижердің қимылы сырт көзге оңай көрінгенімен, шын мәнінде дирижер болу үшін іштен дирижер болып туу керек" рас, сирек кездесетін дарын иелері ғой олар

+0
29 тамыз 2012, 13:33

кішкентай кезімде ол кісілер жай ғана ойнап тұрған сияқты болып көрінетін :)

+0
29 тамыз 2012, 15:35

"Вирус Бетховена"деген сериалды коргем. Сол кино аркылы дирижердын не ушiн кажет екенiн,арi классиканы теренiрек тусiне бастадым.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...