"Роксонаки" тобы The Spirit оf Tengri фестивалінде қытайлық этно-рок тобымен өнер көрсетеді

 "Роксонаки" тобы The Spirit оf Tengri фестивалінде қытайлық этно-рок тобымен өнер көрсетеді
Фото: massagetkz

"Роксонаки" тобы The Spirit оf Tengri фестивалінде қытайлық "Sintas" тобымен бірлесе өнер көрсетеді. Фестивальде қос топ өз репертуарларын жекелей де, бірлесе де орындайды. 

"Sintas"  тобы −  түркі сарынында орындайтын нағыз этно-рок тобы. Топты қытай жерінде тұратын қазақтар құрайды. "Роксонаки" тобының солисті Руслан Караның айтуынша, олар "Sintas"  тобын Қытай еліне жасаған сапар кезінде жолықтырған. Нәтижесінде қос топ The Spirit оf Tengri-2016 фестивалінде "Роксанаки" тобының ескі композицияларын орындайтын болды.

The Spirit of Tengri  әлем елдерінің этникалық дәстүрін қазақ даласында көрсетуге арналған мульти-мәдени жоба. Жоба Tengri FM ұлттық радиостанциясымен құрылған.

Екі күнге созылатын The Spirit of Tengri фестивалі биыл 4-5 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында өтеді. Концерт былтырғыдай open-air форматында болады. Концертке келушілерге кіру тегін. The Spirit оf Tengri-2016 фестивалі Алматы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналады. Шараның бас серіктесі  Kaspi.kz. Соныменде шараға KZ Sоund прокаттау компаниясы мен Air Astana әуе компаниялары қолдау білдірді.

С. Ерсін