Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Меломен" тобының әншілері жол апатына ұшырады

"Меломен" тобының әншілері жол апатына ұшырады

"Меломен" тобының әншілері жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Baistars.kz тілшісі. Топтың мүшесі Жігер Ауыпбаев ауруханада жатыр.

Сайт тілшілерінің мәліметінше, әншілер 7 ақпанда таңғы сағат 04.00 шамасында Алматы қаласында әл-Фараби даңғылының бойымен Lexus көлігімен Алма-арасан шатқалына көтеріліп бара жатып, жол-көлік апатына ұшыраған. Тізгінде Жігер Ауыпбаев болған. Ол рұқсат етілген жерден солға қарай бұрылыс жасаған сәтте арт жақтан қатты жылдамдықпен Nissan маркалы жол талғамайтын көлік соққан. Қатты соққыдан Жігер Ауыпбаев жүргізіп келе жатқан көлік бір аунап, шетке ұшып түскен. Абырой болғанда, топтағы үш жігітке зақым келмеді. Ал тізгінде отырған Жігер орнынан қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Жігерді қалалық №12 ауруханаға алып кетті. Қазіргі таңда Жігер ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, 10 ақпан күні "Меломен" тобы және Жігер Ауыпбаев өзі басты ролді сомдаған "72 сағатта үйлену" фильмінің тұсаукесеріне қатысу керек болған.

Дайындаған: Жас Исакаев
Фото: www.xmusic.kz
Қосылған күні: 07 ақпан 2016, 14:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->