Айгүл Иманбаева бәріне үлгерді

Айгүл Иманбаева бәріне үлгерді
Фото: gakku.kz

Айгүл Иманбаева өзі иелік ететін «А.И.» театрын елордаға ауыстырғалы жүр. Енді, міне, оңтүстік астанамыз Алматы қаласында жаңа өнер мектебін ашып жатыр. Ашылу салтанатына ел ағаларымен қатар өнердегі әріптестері жиналды. 

Бұл оқу ордасында елге танымал өнер иелерін тәрбиелеген ұстаздар білім береді. Дегенмен Айгүл ханым психолог болуды қалайды. 

Айгүл Иманбаева: "Егер психолог болсам жақсы ұстаз болар едім", - дейді.

Психолог болуды ойлап жүрген бизнес womenнің ойлағаны бизнес емес, ашқан ордасының комуналдық ақысын төлеу. Айгүл Иманбаева: "Бұл жерден асқан пайда таппасам да, комуналдық ақысын төлесем болғаны", − дейді. 

Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Иманбаева барлығына үлгеру үшін әдемілікті ұмытып жүр екен. "Ұйқыдан құр қалғаннан кейін әдемі болмай қаласың", − дейді.

Осының барлығына үлгеру Айгүлдің ер мінезділігінен көрінеді. Алайда бейнебаян түсіруге әзірге қолы тимей жүр. Бірақ әнші, әрі актриса ханым алдағы жылы салмақты жаңа бейнеклип түсіремін деп уәде берді. Біз де оны асыға күтеміз. Сонымен қатар жаңа оқу ордасы ашылуымен құттықтаймыз!

Дереккөз: gakku.kz

Н. Үсенова