«Turkvizyon-2015» Ұлттық іріктеуі басталды

«Turkvizyon-2015» Ұлттық іріктеуі басталды
Фото: news-culture.ru

«Turkvizyon» — халықтық дауыс берудің әділдігі мен қорытындының ашық болу принціпін таңдаған, саяси, кәсіби қысымнан тәуелсіз бірінші музыкалық байқау. «Turkvizyon»  заманауи эстрадалық әннің теңдессіз байқауы, қатысушылар жағрафиялық бөлініске қарап емес, шығу тегіне байланысты қатысады. Байқауғаға жер шарындағы түркітілдес кез келген азамат қатыса алады.

2015 жылдың 6 қараша күні, Астанада, Бейбітшілік және Келісім сарайында Үшінші Халықаралық «Turkvizyon-2015» ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы өтеді.

25 қазанға дейін Қазақстандағы www.turkvizyon.kz ресми сайтына қатысам деуші өнерпаздар өз өтініштерін жібере алады. Қазақстандық танымал өнер майталмандары мен шоу-бизнес өкілдері қазылық етіп, Стамбул қаласында өтетін халықаралық «Tukvizyon2015» ән байқауының финалында өнер көрсететін үздік әнді анықтайды. Байқау талаптарына сәйкес орындайтын ән, бұрын Түркі халықтарының тілінде еш жерде орындалмаған жаңа ән болуы керек.

2015 жылы ұйымдастырушылар байқаудан жаңа хит әндер мен жаңалықтар күтеді. 6 қараша күні, Астанада, «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде Turkvizyon2015 ән байқауының Ұлттық ірітеуінің жеңімпазы анықталады. Халықаралық дәрежедегі ән байқауының Гранд-финалы Түркияның Стамбул қаласында өтеді.

Қ. Бүйенбай