Биназир Ермағанбетова "Голос" шоуының үшінші кезеңінде

Биназир Ермағанбетова "Голос" шоуының үшінші кезеңінде
Фото: tengrinews

Қарағандылық Биназир Ермағанбетова "Голос" шоуының үшінші кезеңіне өтті.

Шоудың екінші кезеңінде ол конкурсант Раффи Григорянмен бірге Coolio ft. L.V дуэтінің Gangsta's Paradise композициясын орындады. Биназир сахнаға жаңа образда шықты. Команданың жетекшісі Баста Биназирді шоуда қалдыруға шешім қабылдады. Мобильді қосымша арқылы дауыс берген көрермендердің 66 пайызы Бастаның шешімімен келісті.

Жетекшілердің бірі Александр Градский конкурсанттар алдына қойылған міндеттердің күрделі екенін, дегенмен бұл дуэттің тапсырманы ойдағыдай орындағанын айтты. 

Биназир бала кезінен ән айтады. Оның кәсіби білімі жоқ. Ол бес жыл бойы домбыра үйрену курсына қатысқан, сонымен бірге гитарада да ойнайды. Биназир Букетов атындағы ҚарГУ түлегі. Ол жоғарғы оқу орнын заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. Медакомпанияда қызмет етеді.

Дереккөз:tengrinews

С. Ерсін