Той-бизнес: Қазақ тойларында ең көп сұранысқа ие әндер

Той-бизнес: Қазақ тойларында ең көп сұранысқа ие әндер
Фото: massaget.kz

Сауық кештері туралы сөз қозғағанда, бәрі сұралып отырған қаламақының сомасына келіп тіреледі. Бұл мәселе мерекелік кештің қай аймақта болатынына және өткізілетін уақытына тікелей байланысты. Мәселен, Атырау өңірі баға көрсеткіші бойынша басқа аймақтардан оқ бойы озық тұр. Аталған қалада өнер көрсету тіпті Астана мен Алматыдан да асып түседі.

Ал Шымкентте өткізілетін шараларға сұраныс аса жоғары екені ешкімге жасырын емес. Мұндағы дүркіреп өткізілетін тойлардан бір мезетте бірнеше танымал әнші кездестіруге болады.

Орта есеппен алғанда, қазақстандық әртістердің тойда өнер көрсету бағамы 3000 доллардан басталады. Әр музыканттың қаламақысына, жеңілдіктерге және райдерге қатысты қолданатын өз саясаты бар.

Әлішер Кәрімов

Бүгінде орындаушылардың үздіксіз шырқалатын, өзгермейтін өзіндік ән шоғыры қалыптасып үлгерген. Себебі сауық кештерінде халық көбіне суперхиттерді сұрайды. Егер халықтың қалауы сол болса, бір кеште Әлішер Кәрімов “Тағы да” және “Келемін саған” әндерін бірнеше рет орындауға әзір. Әнші бір әнін ең көп дегенде үш рет шырқайды.

“Бір әнді үш реттен артық орындасақ, ол “Қызыл өрік” пен “Ақ Маржан” әндерімен деңгейлес болады, – дейді Әлішер Кәрімов.

Дәл осындай күй Айқынның да басынан жиі өтеді. Әншінің хитіне айналған “Пах-Пах” әні бас қосуларда көп орындалатыны бәріне аян.

Бүркіт пен Аиша

Сонымен, халық билеуден шаршамаса, орындаушылар әсерлі әндерін айтудан жалықпайды. Еліміздің халық әртісі Мақпал Жүнісова біршама әнін “қонақ кәде” ретінде орындап, тойға келген қонақтармен бірге билеуге де дайын.

“Көп жағдайларда, адамдар билеуге ыңғайлы әндерді сұрайды. Өйткені, олар жақсылап көңіл көтергісі келеді. Бірақ, жұртшылық патриоттық әндерді де естен шығармайды. “Туған жер” әнін айтуды жиі сұрап жатады”, – дейді әнші Бүркіт. Соңғы жылдары бірде бір той Бүркіттің “Бәрі жақсы болады” және “Тау-тау сезім” әндерінсіз өткізілмейді.

Асхат Тарғынов

Көңілді, мағынасы қарапайым әрі жеңіл әндер қазақ тойларында көп шырқалады. Мұндай әндердің орындаушылары бір күннің ішінде атағы жаһанға жайылып, қаламақылары аспандап шыға келеді.

“Қызыл өрік”, “Мария, арман едің” (Чип-чип-чип), “Аспанға” және “Ақ Маржан” секілді әндер бір тойда бес рет, тіпті жеті рет қайталанып қойылады. Әртістердің айтуынша, кейде бұл үрдіс шаршатып жібереді.

CMlgw-00Sf4

КешYou тобы

Ұйымдастырушылар мен мерекелік шаралар қонақтары әншілерді бірнеше рет қайталап ән айтқызбай, тойдан жібермейді. Мысалы, танымал “КешYOU” тобының арулары “Махаббат”, “Ризамын”, “Армандаймын” әндерін қайталап айтатын кездері аз емес.

“Бір ұжымдық кеште қыздарымыз “Махаббат” әнін тоғыз рет орындаған. Әзірге бұл біздің тәжірибеміздегі рекордтық көрсеткіш” , – дейді топ директоры Назым Басқынбаева.

Тапсырыс берушілердің мұндай өтініштері Қайрат Нұртасты да таңғалдырмайды. Мұнан басқа, қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы сұхбатында халықтың әншіден орыс хиттерін айтып беруін сұраған кездерін әңгімелеген болатын. Қайрат Нұртастың атақты “Белые Розы” хитін орындау сәтін ғаламтордан табуға болады.

Шетелдік әртістер де салтанатты кештерде ақша табуды қош көреді. Өткен жылы Айсұлтан Назарбаевтың тойында әйгілі америкалық рэп орындаушысы, тележұлдыз Ким Кардашьянның күйеуі Канье Уэс өнер көрсетуі жұртты дүр сілкіндірген еді. Қауесеттерге сенсек, әншінің төлемақысы үш миллион долларды құраған.

Дереккөз: NUR

С. Ерсін