I2mar (Айтұмар) тобы алғашқы макси-синглын таныстырды

I2mar  (Айтұмар) тобы алғашқы макси-синглын таныстырды
Фото: youtube.com

I2mar (Айтұмар) тобында Абзал Қуандық және Гүлжан Дәулетова атты әншілер өнер көрсетеді. Алғашқы синглдерін бес ән құрайды.

«Біздің сингл – эксперимент. Оның құрамында фолк, дэнс-поп жанрларындағы әндер бар. Алдағы уақытта да эксперимент жасаудан шаршамаймыз. Бұл – өнерді шыңдаудың әдісі. Тыңдармандарымызды қуантуға тырысамыз», - деп, өз пікірін білдірді Абзал.

Әндерді топтың продюсері әрі композиторы Тимур Қасымжанов жазды.

Бастапқыда I2mar Абзал ән айтатын жоба ретінде ойластырылған. Абзал Қуандық – әнші, модель, архитектор, «Қайрат» жасөспірімдер командасының бұрынғы ойыншысы, актер. Ол он шақты қазақстандық тележобаға қатысқан. Біраз уақыттан соң топқа «Мисс Алматы – 2015» байқауының қатысушысы Гүлжан Дәулетова қосылды. Гүлжан болашақта жеке ән жаздыруды жоспарлап жүр.

Ф. Абилова