- Негізгі бет
- Музыка
- Қазақстандық әртістер өзге...
Қазақстандық әртістер өзге елдің сахнасын бағындыруда
Түрік еліндегі «Rising Star» мен Ресейдегі «Танцы» шоу-бағдарламасына қазақстандық әртістер де қатысты. Түрік еліндегі «Rising Star» шоуында жастар арасында тез танылған Луина бағын сынап, жоғары көрсеткішке ие болды.
Түрік әншісі Мұстафа Сандал: "Сіз әнді кәсіби деңгейде орындап жүргенге ұқсайсыз. Барлығымыз сіздің орындауыңызды тамаша шықты деп ойлаймыз. Ән орындауыңыздан үлкен серпін алдық. Сондықтан шоуымызға қош келдіңіз, құттықтаймыз!" - деп пікірін білдірді.
Luina жақында "Қалайша" әніне қазақ және орыс тілінде бейнебаян түсірді. Сондай-ақ жаңа "Айтшы" әніне бейнебаян түсіріп те үлгерді. Алдағы уақытта Луина өзін продюсер ретінде байқап көруді жоспарлап отыр.
Ал Ресейдің «ТНТ» арнасынан көрсетілетін «Танцы» бағдарламасына Астана қаласының тұрғыны Мәдина Бейсекеева қатысып, іріктеуден өтті.
Мәдина Бейсекееваның жасы 20-да. Ол – "Вакинг" (Waacking) би түрін елімізге таныта бастағандардың бірі. Бұл ерекше би түрі физикалық дайындықты және көп жаттығуды талап етеді. Мәдинаның өнері, ақкөңілділігі мен тартымдылығы қазыларды тәнті еткені сөзсіз.
Төмендегі видеодан Мәдинаның аз уақытта қойған хореографиясын тамашалап, өз бағаңызды бере аласыз:
Отандастарымыз өзге мемлекетте бүкіл қазақ елінің атынан шығып, өнерімен жұртты таңғалдырып жүр. Осыдан бірнеше ай бұрын ақтөбелік Димаш Құдайбергенов Витебсктегі «Славян базарында» бас жүлдеге ие болған еді.
Ал біздің елімізде 25 қыркүйектен бастап «Қазақстан дауысы» конкурсының жаңа кезеңі басталады. Жас дарындарға сәттілік тілейміз!
Ф. Абилова