Аша Матай тұрмысқа шығайын деп жатыр (видео)

Аша Матай тұрмысқа шығайын деп жатыр (видео)
Фото: vk.com, Instagram

26 жастағы қазақстандық әртіс, әнші және жүргізуші Аша Матай Mysterions тобының әншісі Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шығайын деп жатыр. Арман сүйіктісіне бірер күн бұрын ғана ұсыныс жасады. Оны әншінің жақын достары видеоға түсіріп, инстаграмм әлеуметтік желісінде жариялаған, - деп хабарлайды Comode.kz

Төмендегі видеодан Арманның Ашаға ұсыныс жасап жатқанын көре аласыздар.

Жұлдызды жұптың махаббаты туралы көптен бері айтылып келеді. Қос ғашық жақында "Жүрек сыңарым" деген ән жаздыртып, қалың елді қуантты. 

Назарларыңызға Аша мен Арманның бір топ суретін ұсынамыз. 

Ж. Исакаев