Соғыс жылдарындағы әндер жаңаша шырқалды

Соғыс жылдарындағы әндер жаңаша шырқалды
Фото: Қазақстан телеарнасы

Соғыс ардагерлеріне арнап Жеңістің 70-жылдығына орай ұйымдастырылған «Шын жүректен» атты концертте соғыс жылдарындағы әндер жаңаша шырқалды - деп хабарлайды Мassaget.kz сайтының тілшісі «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған концерттің телевизиялық нұсқасын 9 мамыр күні сағат 21.00-де «Қазақстан» телеарнасынан көруге болады. Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрінің қатысуымен өткен кеш соғыс ардагерлерінің қаһармандық ерліктерін ұлықтап, жастардың бойында патриоттық рухты тәрбиелеп, күшейтуге арналды.

Мерекелік концертке ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Қорғаныс және ішкі істер министрлігінің ардагерлері, республикалық «Ұлан» гвардиясының тәрбиеленушілері, қала тұрғындары мен қонақтары – барлығы 900 адам қатысты.

«Қазақстан» телеарнасының жүргізушілері, отандық танымал орындаушылар Ерлан Рысқали, Құрмаш Маханов, Дәурен Сейітжан, Жұбаныш Жексенұлы, Бақыт Шадаева, Мөлдір Әуелбекова, Ерлан Көкеев, Әлішер Кәрімов, Әйгерім Қалаубаева, Досымжан Таңатаров, Рүстем Нұржігітов, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев Жеңіс күніне арналған әр жылдардағы әндерді жаңаша орындады.

«Кестелі орамал», «Темная ночь», «Журавли», «В землянке», «Әлия», «День Победы», «Пляска», «Солдатская полька», «Победная пляска», «Сарбаздар», «Болмасын соғыс», «Ақ көгершін», «Жас қазақ», «Сағадат», «Бейбіт күн тілегі», «Мен сендерді іздеймін» - бұл өлеңдер халық арасына танылып қана қоймай, жауынгерлерге үміт сыйлаған, бейбітшілік орнайтына сенім артқан әндер. 

Осылайша, мерекелік концерттің ұйымдастырушылары соғыс ардагерлеріне өткен күндерден сыр шерткен әсерлі кеші сыйласа, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери би ансамблі мен оркестрі мерекелік концерттің шырайын кіргізді.

Ұқас жазбалар:

Америкалық "OK Go" тобының креативті бейнебаяндары

"Mezzo" тобы 90-жылдардың үздік әндерін қайта жаңғыртты (видео)

Н. Нұрмаханұлы