Мейрамбек Беспаев ұлының есімін кім деп қойды?

Мейрамбек Беспаев ұлының есімін кім деп қойды?

Наурыз айының соңында Қазақстанның танымал әншісі, термеші, «МузАРТ» тобының мүшесі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаев ұлды болған еді. Бұл жаңалықты әншінің отбасы ғана емес, қазақ эстрадасының әншілері мен тыңдармандары зор қуанышпен қабыл алған болатын.

Мейрамбек Беспаевты әлеуметтік желілерде де құттықтаушылардың санында шек болмады. Көп тыңдармандар үшін ұлының есімін кім деп қоятыны да қызықты болды. Әншінің өзі ұлына Әбухайыр деген есім беріпті.

Massaget.kz сайтының ұжымы мен оқырмандары әншіге ұлының бауы берік болсын деп тілек білдіреді. 

Cурет: groups.nur.kz

Н. Айдархан