Гүлім Жүсіпбекова: "Медеу Арынбаев мен үшін кешірімсіз қылық жасады" (Видео)

Гүлім Жүсіпбекова: "Медеу Арынбаев мен үшін кешірімсіз қылық жасады" (Видео)

Кеше, 8 ақпан, Қазақстан арнасынан жүріп жатқан "Қазақстан дауысы" жобасының финалистері анықталды. Олардың қатарына Медеу Арынбевтың тобынан Мақсат Мақұлбеков, Алмас Кішкенбаевтың тобынан Бауыржан Ретбай, Нұрлан Албанның тобынан Данияр Исмаилов, Мадина Сәдуақасованың тобынан Индира Еділбаевалар кірді. 

Ал көрерменнің дауысы бойынша қарсыласы Мақсат Мақұлбековтен басым түссе де, тәлімгері Медеу Арынбаевтың қолдауына ие бола алмаған Гүлім Жүсіпбекова Massaget.kz тілшісіне тәлімгері туралы пікірін білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, Медеу Арынбаев жобаның алдында: "Мен Гүлім Жүсіпбекованың «Қазақстан дауысы» жобасының финалына өткенін қаламаймын. Әрине, маған тәлімгер ретінде бұлай айту оңай емес. Өйткені, тобымдағы үміткерлердің бәрі маған бірдей. Дегенмен әділін айтатын болсақ, Гүлімге қарағанда Мақсат Мақұлбековтың ән орындау шеберлігі басым, дауысы күшті, кәсіби деңгейі жоғары, - деген мәлімдеме жасаған болатын. 

Оператор: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: Нұрбол Нұрмаханұлы

М. Оңғарова