Сәкен Майғазиев жеке концертін бермекші

Сәкен Майғазиев жеке концертін бермекші

Сәкен Майғазиев көрермендеріне тосын сый әзірлеп жатыр. Ол сый – аналар мен аруларға арналған. Яғни Музарттық сері 8 наурыз күні өзінің жеке шығармашылық кешін өткізеді. Бұл туралы baistars.kz хабарлады.

Халықаралық арулар мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан концерт әзірге «Қыз-қызғалдақ» деп аталады. Бірақ, атау өзгеруі де мүмкін дейді әнішінің көмекшілері. Кеш елордамыз Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді деп жоспарлануда. Бұл Сәкен Майғазиевтің өзінің шығармашылығына арналған және Музарт ансамблінен бөлек ұйымдастырылып жатқан алғашқы концерті. Мұндай қуанышты жаңалықты әншінің өзі әлі әлеуметтік желі арқылы да, көгілдір экран арқылы да жариялаған жоқ. Әзірге тек үлкен кешке қызу дайындық жүргізілуде.

сурет: on.kz

Е. Қайрахан