Леди Гаганың жетістіктері

Леди Гаганың жетістіктері

Леди Гага - атақты америкалық әнші, продюсер және актриса. 1986 жылы 28 наурызда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Әнші алғаш Interscope студиясында ән айтып бастайды. Сол кезде Гаганың талантын әйгілі рэпер Эйкон байқап, арада альбом жазу үшін келісімшарт жасалады.

2008 жылы Леди Гаганың «The Fame» атты алғашқы альбомы жарыққа шығады. Альбомдағы төрт ән «Just Dance», «Poker Face», «LoveGame» және «Paparazzi» әлемдік хиттерге айналады. 2009 жылы әнші «The Fame Monster» атты шағын альбомын жазады. Альбомның АҚШ-та 171,000 данасы, Ресейде 40,000 данасы сатылады. Альбомдағы «Bad Romance», «Telephone» және «Alejandro» АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей және Австралияның ұлттық чарттарының жоғарғы орындарынан көрінеді.

Леди Гаганың «Born This Way» атты екінші студиялық альбомы әлемнің көп еліндегі чарттардың көшін бастап, 2011 жылдың қорытындысы бойынша, сатылымы жағынан екінші орынға шықты. Үшінші студиялық альбомы 2013 жылдың 11 қарашасында шықты.

Леди Гага Майкл Джексон, Мадонна және «Queen» тобына еліктеу арқылы, өзінің бейнебаяндарында қолданатын шынайы стилін қалыптастырды. 2011 жылдың қазанындағы мәліметтерге сүйенсек, әншінің бүкіл әлемде альбомдарының 23 миллион данасы, әндерінің 64 миллионнан аса данасы сатылған. Леди Гага 5 рет «Грэмми», 13 рет «MTV Video Music Awards», 8 рет « MTV Europe Music Awards» сыйлығына ие болған. Сонымен қатар, әнші «VH1» журналындағы  «100 әйгілі әнші» рейтингінде төртінші орынға шықты.

Сурет: u-f.ru

Ж. Исакаев