Күллі әлемнің көзайымы атанған Тейлор Свифт

Күллі әлемнің көзайымы атанған Тейлор Свифт

Тейлор Элисон Свифт - 1989 жылы желтоқсан айының 13 жұлдызында дүниеге келген. Ол музыканы кантри жанрында орындайтын әнші және танымал актриса. 

Свифт 2008 жылы «Fearless» атты альбомын шығарып, күллі әлемге әйгілі болды.  Fearless альбомы 2009 жылы  Billboard 200 чартында бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар "Грэмми" сыйлығының "Жыл альбомы" номинациясында  төрт рет қатарынан жеңімпаз атанды. Ал 2010 жылы шыққан Свифттің «Speak Now» альбомы Billboard 200 рейтингінде бір аптада бір миллионнан астам данасы сатылып, Биллборд тарихындағы ең үздік альбом атанды. Содан кейін шыққан студиялық «Red» альбомы Австралия, Ұлыбритания, Ирландия, Канада және Жаңа Зеландия елдерінде ең алдыңғы қатарлардан көрінді. Оның «We Are Never Ever Getting Back Together» және «I Knew You Were Trouble» әні әлемдік хитке айналды. 

Сурет: zort.ru

Ж. Исакаев