Биллборд журналын білесіз бе?

Биллборд журналын білесіз бе?

Биллборд – музыка индустриясына арналған әйгілі америкалық журнал. Ол ән әлеміндегі барлық жаңалықтарды қамтиды. Атап өтсек, авторлық мақалалар, аудио сатылымдар және ғаламтор жүктемелері. Алайда Bilboard Hot 100 және Billboard 200 музыкалық чарттары арқылы танымал. Billboard Hot 100 АҚШ-тағы ең үздік 100 әнді анықтаса, ал Billboard 200 альбом сатылымдарын апта сайын жариялап тұрады.

Журналдың негізін қалаушы Nielsen Company. Billboard 1894 жылдан бастап ағылшын тілінде жарияланып келеді және аптасына 16327 данадан шығарылады. 

Сурет: britneyzone.ru

Ж. Исакаев