Қайрат Нұртас: "Қазір ешкімге еліктемеймін"

Қайрат Нұртас: "Қазір ешкімге еліктемеймін"

Атақты қазақстандық әнші Қайрат Нұртас жасы ұлғайған шақта өзін саясатта сынап көргісі келетіндігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Лада» газетіне сілтеме жасай отырып.

Мұнымен қатар, өзін жаңа сән үлгісін ұсынушы сәнгер ретінде мойындамайтындығын айтты: «Мен сән әлемінің соңғы жаңалықтарын бақыламаймын. Концертке арналған костюмдерімді анам таңдайды».

Табынушылардың кумиріне ұқсауға ұмтылысына бей-жай қарайтындығын да баяндады: «Барлығымыз да біреуге еліктедік. Мен де алғашқы баспалдақта Мейрамбек Беспаевтың шығармашылығын бақылайтынмын. Дәл қазір ешкімге еліктемеймін».

«Ең бірінші, ол ешкімге ұқсамай, тыңдармандарымен тіл табыса білуі тиіс», - деп нағыз әртістің қандай болуы керектігі туралы да айтты.

Естеріңізге сала кетсек, 25 жастағы Қайрат сахнаға алғаш 9 жасында шыққан. Аз ғана мансап жолында Қазақстанның түкпірлерінде жеке ән кешін өткізіп, жүзге тарта ән жаздырған. Және сүйікті тыңдармандарына арналға 9 альбом шығарып үлгерген.

Сурет:kazmusic.kz

Қ. Бүйенбай