8 жастағы ақтаулық әнші балақай инстаграм жұлдызына айналды

8 жастағы ақтаулық әнші балақай инстаграм жұлдызына айналды

Нұр-мұхаммед Жақып Ибрагимұлы есімді 8 жастағы баланың инстаграмдағы парақшасында 15 мыңнан астам оқырман бар. Осыншама оқырман Нұр-мұхаммедтің жаңа жарияланымдарын асыға күтеді. Олардың ішінен Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Баян Есентаева сынды өнер жұлдыздарын да байқауға болады.

Massaget.kz порталы жанып келе жатқан жас жұлдызды оқырманға таныстыру мақсатында Нұр-мұхаммедке хабарласқан еді. Көкейіміздегі сұрақтарға Нұр-мұхаммедтің администраторы Динара Оразбаева жауап берді.

                                                                                                          

Видео опубликовано Нұр-мұхаммед Жақып Ибрагимұлы (@nurmuhammed_jakyp) виюл 7, 2014 at 6:03 PDT

"Нұр-мұхаммед Жақып Ибрагимұлы 2006 жылдың 10 маусымында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазір Ақтау қаласының тұрғыны. Аталған қаланың 10-мектебінде білім алуда. Ата-анасы – жеке кәсіпкер. Әкесі Ибрагим өнерлі жігіт. Ән жазып, ән айтады. Өнер әкесінен дарыған. Инстаграмды администраторы ретінде мен жүргіземін. Болашақта Нұр-мұхаммедтің өзіне бермекпін. 15 мыңнан аса оқырман Мейрамбек, Сәкен ағалары мен Баян Есентаева видеосын, суретін салғаннан кейін жиналды. Мейрамбек ағаны үлгі тұтады. Тек соның әндерін айтсам дейді. Тума талант. Арнайы вокал, домбыра үйірмелеріне барады. Жуырда Абай Бергей, әкесі Ибрагим Жақып үшеуі Сәуіржан Құдайбергенұлының сөзіне, Ибрагим Жақыптың әніне жазылған "Әке-ана" әніне бейнебаян түсірді. Арманы – Мейрамбек ағасымен бірге "Бозторғай" әнін орындау, өнерге Мейрамбек ағасындай өз орнын қалдыру, – дейді Динара Оразбаева. 

Біз де өз кезегімізде Нұр-мұхаммедке тек сәттілік тілейміз!

Сурет: ©instagram.com/nurmuhammed_jakyp

Р. Роза