КешYOU тобына келген жаңа әнші кім?

КешYOU тобына келген жаңа әнші кім?

Баян Есентаева КешYOU тобының жаңа құрамын таныстырды, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. 

Топқа Мөлдір Әуелбекованың орнына Жұлдыз Өмірғали есімді әнші қыз келген. 19 жастағы өнерпаз Тұрар Рысқұлов атындағы Техникалық университеттің студенті. Ол ресейлік актер Данила Козловскийдің көрермені екен. Жұлдыздың instagram желісіндегі әзірге 263 қана оқырманы бар.   

Баян Есентаева бүгін өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында Мөлдір Әуелбекованың кеткенін мәлімдейтінін айтқан болатын. Продюсердің айтуынша, Мөлдір Әуелбекованың денсаулығы сыр берген көрінеді. Топтың гастрольдік сапарларына бару үшін ұшаққа отыру керек екен де, Мөлдірге дәрігері ұшаққа отырмауын айтқан. Бұған қатысты Мөлдір де өз пікірін инстаграм желісіндегі парақшасында айтты: "Аяулы достар! Шын ниет, жылы сөздеріңіз үшін Алла разы болсын! Өкінішке қарай "KeshYOU" тобы құрамынан ортақ шешім бойынша кеттім. Жалғыз себеп - денсаулығымның ұшақпен жиі ұшуды көтере алмауы. Уақытша құбылыс деп ойлаймын. Ең бастысы продюсерім мен топтың жаңа құрамына сәттілік тілеймін! Ал мен жеке шығармашылығыммен қуанта беремін!".

Ал топтың продюсері жаңадан келген әнші туралы былай дейді: "Жұлдыз әлі жас, тәжірибе жинақтауы керек. Жұлдызға да, маған да сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет, сүрінбейтін тұяқ жоқ, кешірімді, мейірімді болайық! Жақында Кешью тобының жаңа бейнебаяны жарыққа шығады! Жаңа құрам, жаңа хит, жаңа тыныс! Барлығы сіздер үшін!".


Бір қызығы Баян Есентаеваның продюсерлігімен түсірілген "Ғашық жүрек" кинохикаясының басты кейіпкерінің аты Жұлдыз еді. 19 сериядан тұратын кинохикаяда басты рөлді КешYou тобының әншісі Айдана Меденова сомдаған. 

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

А. Құлтай