Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі басталды

Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі басталды

Алматы қаласында әлем халықтарының этникалық музыкасын біріктіріп, заманауи нұсқада ұсынып, насихаттайтын The Spirit of Tengri фестивалі басталды.

Елімізде осымен екінші рет өтіп отырған фестивальді отандық "Роксонаки" және "Алдаспан" топтары ашты. Аталған екі топ та алғашқы кезде бірігіп интро орындады да, келесіде кезек-кезекпен "Бақсының шақыруы" ("Роксонаки" тобы) және "Жол" ("Алдаспан" тобы) әндерін орындап шықты.

Келесіде Башқұртстаннан келген "Арғымақ", Болот Байрышев пен "Белуха Jam" (Алтай), Саинхо Намчылак (Тува, Аустрия), Gulzada (Қырғызстан), Намгар (Бурятия), Baba zula (Түркия), The Shin (Грузия), Yarik-Ecuador (Эквадор), Радик Тюлюш (Тыва), "Шарапат" (Қазақстан), Чылтыс (Таулы Шория) секілді орындаушылар ән орындайды деп күтілуде. 

Республика сарайының алдына екі мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары жиналған. 

Оқи отырыңыз: 

The Spirit of Tengri фестивалінің қатысушылары таныстырылды

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: автордан

А. Құлтай