- Негізгі бет
- Музыка
- Бардтық музыка тыңдағыңыз...
Бардтық музыка тыңдағыңыз келсе...
Оқырмандарға бардтық музыка туралы аз-кем әңгімелеп көрелік.
Бардтық әуендерді басқаша авторлық музыка деп те атайды. Жалпы бұл бағыт жиырмасыншы ғасырдың орта тұсында пайда болды. 50-60 жылдарда ерекше қарқынмен дамыған бұл жанр көбіне жастар арасында кең танымалдылыққа ие болған.
Айта кетелік, Кеңес одағының идеологтарының бұл мәдениеттің пайда болуына ешқандай қатысы жоқ. Бәрін жасап шығарған сол кезеңдердегі талапты да, талантты жастар. Нақтырақ айтсақ, Мемлекеттік Мәскеу университеті мен Ленин атындағы педагогикалық университеттің студенттерінің қосқан үлесі зор. Березовский, Сухарев, Розанова, Визбор, Ким, Якушев секілді музыканттарды аға-әпкелеріміз жақсы біледі.
Ал 60-70 жылдары бұл жанрдың басты тұлғалары Высоцкий, Галич, Туриянский, Берковский, Никиткин, Городницкий, Щербаков, Кунин, Мирзаян, Бережков секілді ұзын сонар таланттар еді.
Көптеген бардтар музыкаларында Ұлы Отан соғысындағы батырлардың ерлігі мен қарапайым халықтың өмірлік мәселелерін сөз қылуды мақсат тұтты. Мәселен, Окуджаваның "Қош болыңдар, балалар!", Высоцкийдің "Жігіттеріміз аттанды" атты әндері осыған дәлел.
Шыны керек, бардтар өздерін бұлай атағаннан гөрі, авторлық музыканттар деген сөзді дұрыс көреді.
Осы тұста назарларыңызға Окуджаваның "Қош болыңдар, балалар" әнін ұсынамыз.
сурет: kpoxa.info